• Мерейтой
  • 31 Шілде, 2022

Қазақстанның Халық жазушысы  Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл

Балалар, сендер Әзілхан аталарыңның «Алыстағы ауданда»,  «Махаббат жыры», «Тоғыз толғау», «Автопортрет», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Екі естелік», «Жамбылға хат», т.б. көптеген кітаптарын әлі оқи қойған жоқсыңдар. Бірақ алдағы уақытта ол шығармалармен танысатындарыңа күмән келтірмейміз. Бұл туындылардың бірқатары бірнеше дүркін орыс тілінде де басылып шықты. Ал жазушыға 1980 жылы «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Әзілхан Нұршайықов аталарың И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың «Адам тағдыры», П.Павленконың «Жарияланбаған хат» әңгімелерін, 
А.Якобсонның «Қорқау» пьесасын және басқа туындыларды да қазақшалаған.
Әзілхан Нұршайықов аталарыңның туғанына биыл жүз жыл толып отыр. Үлкен тойдың үстінде қаламгердің өздеріңе арналған бір әңгімесін жарияладық.

Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ

КӨМЕКШІЛЕР

Жайлау үсті. Бір топ бала шопан атай Шәріптің әңгімесін қызыға тыңдап отыр.
– Ата, сіз жалғыз өзіңіз осынша көп қойды қалай бағып жүрсіз?– деп сұрады бір кезде кішкентай Ерік. 
Атай оған жымия бір қарап қойды да:
– Е, балақай, сен мені жалғыз деп ойлайды екенсің ғой, жоқ, менің көмекшілерім толып жатыр,– деп, әңгімесін жалғай берді.
– Менің отарымда тұсақтан туған көк қозы болды. Өзі маған өте үйір еді. Мені көрсе, не дауысымды естісе, маңырап, қасыма жетіп келетін. Мен де оны өте жақсы көріп кеттім. Өз қолымнан нан жегізіп, қант та беріп қоятынмын.
Сол көк қозы өсіп, үлкен қой болды. Маған бірінші көмекші болған да сол еді.
Біздің Қызылқұмда қасқыр көп болды. Сондықтан түні бойы көз ілместен қойды күзетіп отыру керек. Таң ата ұйқыдан шаршап, қалжырайтын шақ туады. Осы кезде мен көк қойдың мойнына жіп тағамын. Оның бір ұшын білегіме байлаймын. Сөйтемін де: «Ал, көк қой, ендігі күзетші сен боласың»,– деп, аздап көз шырымын аламын.
Мен тыныстап жатқанда, қой өре бастаса, көк қой мені оятады. Отар өрмесе, ол да қозғалмайды. Мен де тыныш ұйықтай беремін.
Бір күні қатты ұйықтап кетіппін. Әлдекім білегімнен жұлқып-жұлқып қалды. Бірақ мен бірден ояна қоймап едім, ол өзімді сүйрей жөнелді. Оған да болмаған соң, бас жағыма келіп, көк қой маңырап қоя берді. Мен басымды жұлып алдым. Сөйтсем, қойға қасқыр шауыпты.
Көзімді уқалай, орнымнан атып тұрдым. Жалма-жан иттердің дауысы шыққан жаққа қарай жүгіре жөнелдім. Келсем, екі итім – Қойөсер мен Құттөбет қасқырларды қойға жолатпай, алысып жүр екен. Осы кезде мен де жеттім, қиқу салып, қасқырларды қуа жөнелдім.
Мені көрген төбеттерім енді қасқырлармен тіпті батыл айқаса түсті. Қосауызымды ала сала, жыртқыштың біреуін атып жібергенімше, Қойөсер мен Құттөбет екінші біреуіне жабыса түсіп, жерге алып ұрды.
Сөйтіп, сол күні екі қасқыр соғып алдым. Әрине, оған себепші болған менің сенімді көмекшілерім – көк қой мен қос төбетім еді. Міне, балалар, менің осындай тамаша көмекшілерім бар!– деп шопан атай әңгімесін бітірді.

Суретін салған Ерлан Момбаев

800 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Merissa

09 Тамыз, 2022

kredyty dla zadluzonych z windykacja - https://devpost.com/korneliuszziem665 all the time i used to read smaller posts which as well clear their motive, and that is also happening with this article which I am reading at this place. pko bank polski kredyt hipoteczny w euro

Lynda Robinson

09 Қыркүйек, 2022

Hi, I am Lynda from EasyContentWriter.com Just wanted to let you know that we launched our new application which can help you to create content for your website in seconds. Besides generating content for your website, you can also use our tool to: - generate blog posts, stories and even books - generate content in 25+ languages - generate personal or company bio for social media - generate content for ads Don’t miss your chance to try our tool for free. https://easycontentwriter.com I believe you will have a great time using it. Best regards, Lynda

31 Тамыз, 2023

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы