- БАЛДЫРҒАН
- 31 Наурыз, 2022
МАЗАҚТАМАЛАР

Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ
Ескертпе
Жинамайды төсегін,
Шығармайды есебін.
Қаңғитындай үй көрмей,
Кезбесі ме көшенің?
Ыдыстарды сындырып,
Ыржың-ыржың тұр күліп.
Тыншымайды көңілі,
Жасамаса бір бүлік.
Тиіп сөйлеп шамыңа,
Қағытады қағына.
Жаман қылық тез жұққыш,
Жоламаңдар жанына.
Енгізіпті өзгеріс
Телеарнадан салалық,
Тыңдамайды жаңалық.
Атыс-шабыс киноға,
Отырады қадалып.
Смартфоны ермегі,
Білдіреді ол нені?
Тастаған жоқ қолынан,
Сабағынан келгелі.
Оқушымыз «құрметті»,
Көруге емес міндетті.
Уақыттың кестесін,
Ыңғайына өзгертті.
Кімнен үлгі аласың?
Жұрт мақтайды Қанатты,
«Оқушы, – деп, – талапты».
Жақсы оқып сабақты,
Елді өзіне қаратты.
Ешкім жақсы демейді,
Сыныптағы Кенейді.
Қайсы бірін елейді,
Сыпсың-сыпсың көбейді.
Алып тастап аласын,
Бердік біздер бағасын.
Төрелігі өзіңде,
Кімнен үлгі аласың?
Сынақ
Атын білмей атасының,
Шалағайдың шатасуын.
Жаңылыспай аттарынан,
Тәттілерді жатқа-ақ ұрған.
Жеті атасын сұрап едім,
Құлап қалды, «Құлагерім».
Шежіреден шеттегені,
Сынақтан ол өтпегені.
Қызылорда облысы.
Суретін салған Ерлан Момбаев

136 рет
көрсетілді1
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Annaei
05 Сәуір, 2022Неllо аll, guуsǃ Ι knоw, mу mеѕѕаge may be tоo ѕреcіfic, Βut my sіster fоund nісe man hеre and thеу mаrrіed, so how аbоut mе?ǃ :) I am 24 уears old, Anna, from Ukrаіne, Ι know Englіѕh and Germаn lаnguаgeѕ alsо Аnd... I havе specіfiс dіѕease, nаmed nymрhоmanіа. Who knоw what is thіs, саn understаnd me (bеttеr to sаy it іmmedіatеlу) Аh yeѕ, I cооk vеry tastyǃ аnd I lоve not оnly сооk ;)) Ιm rеal gіrl, not prоstіtute, аnd loоking for ѕеriоus аnd hot relаtionship... Αnуwаy, yоu сan fіnd my рrofilе here: http://cuimoserfa.tk/user/37762/