• Халықтық салт-дәстүр
  • 22 Наурыз, 2022

ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫСТЫҢ

Гүлдана  ИСАЕВА

Бастауындай ұлы істің,
Келді күні ұлыстың.
Жер ошақта лаулады от,
Қыдыр кезіп қыр үстін.

Келе жатқан бұрыннан,
Салт-дәстүрін ұғынған.
Қазанға әжем ас салды,
Ескіден қалған ұғымнан.

Жеті түрлі дәмдерден,
Наурыз көже қайнатып.
Ақ дастарқан үстіне,
Қойды әкеп жайнатып.

Дастарқанда береке,
Бір-біріне бақ тілеп.
Берді ата-әжелер,
Ақ батасын, ақ тілек.

Жаршысындай жаңалық,
Ұлыс күні тамаша.
Үлкендердің өздері,
Қуануда балаша.

 

Мен туған ай Наурыз 

Күлімдеп күн, нұрын төгіп,
Көктем келді, алақай!
Үйге кірмей жүр далада,
Мәз болып бар балақай.

Құлпырды жер көкке оранып,
Бәйшешектер тұр жайнап.
Туған жерге құс оралып,
Ұшып-қонып, жүр сайрап.

Сылқ-сылқ күліп бұлақтардың,
Мұздан көзі ашылды.
Өрік, алма бүршіктері,
Гүлдеп, гүлдер шашылды.

Көбелектер көлбеңдейді,
Қонып әсем гүліне.
Қарсы алған ел қуанышты,
Көптен күткен күніне.

Қарап тұрсаң табиғатқа,
Түрлі түске боянған.
Мен туған ай – Наурызда,
Бар тіршілік оянған.
 

Құлыншақ

Желбіреген тұлымшақ,
Кіп-кішкентай құлыншақ.
Шауып жүріп байқамай
Әр нәрсеге ұрыншақ.

Енесінің қасында,
Еркелеп-ақ жүргені.
Бір нәрседен  үріксе,
Қызық құлақ түргені.
 

Шұбат

Ішкеннен соң шұбатты,
Мұрат тағы сұратты.
Денсаулыққа жақсы деп,
Ішкен сайын ұнатты.

266 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы