• БАЛДЫРҒАН
  • 31 Наурыз, 2022

«ЖҮРЕГІМ АЙНАЛЫП КЕТТІ»

Төрт жасар Бақнұр атасы мен әжесіне еріп қонаққа барған еді. Қонақта әртүрлі тәтті тағамдар жеді. Балмұздаққа да тойды. Қайтар жолда атасы көлігін қаттырақ жүргізіп келе жатты. Артқы орындықта бір өзі отырған Бақнұр бір кезде:
– Ата, ақырын жүріңізші, жүрегім айналып кетті, – деді.
Немересінің сөзіне күліп жіберген атасы көлігін жол шетіне тоқтата қойды. Таза ауа жұтып, беті-қолын салқын сумен жуған Бақнұр:
– Ата, кеттік, жүрегім енді айналмайды, – деді.
Атасы теріс қарап тағы да мырс-мырс күліп алып, көлігіне отырды. Жол-жөнекей немересіне ондай кезде сөзді қалай дұрыс айту керектігін түсіндіріп берді.

Дүйсен БЕК.

Суретін салған Ерлан Момбаев

1031 рет

көрсетілді

254

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы