• БАЛДЫРҒАН
  • 31 Наурыз, 2022

«МЫСЫҚ КӨРМЕГЕНСІЗ БЕ?»

Алты жасар Бақнұр мектептің дайындық сыныбына баратын болды. Анасы оны дәрігерлік тексеруден өткізіп жүрген. Кезек жүйке аурулары дәрігеріне келді. Дәрігер ағай:

– Бақнұр, мысықтың қанша аяғы бар, – деп сұрады.

– Төртеу.

– Қанша құлағы бар?

– Екеу.

– Қанша құйрығы бар?

Осы тұста Бақнұр:

– Сіз мысық көрмегенсіз бе? Неге менен сұрай бересіз? – демесі бар ма.

Басында сасып қалған дәрігер іле күліп жіберді де, қажетті құжатқа қол қойып берді.

Дүйсен БЕК.

Суретін салған Ерлан Момбаев

19568 рет

көрсетілді

7255

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы