• БАЛДЫРҒАН
  • 31 Наурыз, 2022

КӨМЕК

Бүгін сенбі. Қайсар далаға шықты. Алдыңғы күні Арман екеуі «сенбі күні футбол ойнайық » деп келісіп қойған. Енді аулада ешкім жоқ. Үйіне барып, есігін қағып еді, жауап жоқ.  Қайсар есік алдында жатқан ақ қағазды көрді. Алып қарады. «Қайсар! Мен шыға алмаймын. Әжем қалада, ауруханада жатыр. Соған дәрі апаруға кетіп қалдым. Досың Арман».

Қайсар қағазды оқып, біраз тұрды. Үйге жүгіріп келді де, анасынан:

– Анашым, Арманның әжесі ауырып қалыпты. Қалада, ауруханада жатыр екен. Арман қалаға кетіпті. Мен де барып келсем бола ма? – деп сұрады. 

– Қалай барасың?

– Қамбар атаның мәшинесімен. Ол қазір қалаға жүрейін деп жатыр.

– Жақсы. Мен саған біраз дәрілер беріп жіберейін. Әжеге апарып бер.

– Жарайды анашым. 

Қамбар ата қалаға тез жетті. Ол Қайсарды аурухана алдына әкеліп салды. Өзі екі сағаттан соң келіп, мұны алып кететін болды. Қайсар Арманға телефон соғып, әжесінің палатасын білді. Палатадағы әжесінің қасында Арман мен  анасы бар екен. Қайсар әкелген дәрілерін берді. Бәрі көңілденіп, Қайсардаң бетінен сүйіп жатыр.

Біраздан соң палатаға келген медбике апай Қайсар әкелген дәрілерді көріп шығып, өте қажет дәрілер екенін айтты. Кешке қарай Қайсар Қамбар атамен ауылға қайтты. Арман анасымен қалада қалды.

Арада біраз күн өтті. Бір күні Қайсардың үйіне Арман келіп тұр. Өзі сондай көңілді.

– Қайсар, әжем жазылды. Бүгін ауруханадан шықты. Бәріміз ауылға келдік. Әжем саған көп рақмет айтып жатыр. Сені анаң екеуіңді үйге ертіп кел деп мені жіберді, – деді.

Арманның әжесі Қайсар мен анасына алғысын айтып, батасын берді. Қайсар анасы екеуі Арманның үйінен үлкен қуанышпен қайтты. Анасы баласының көмекке жарағанына қуанса, баласы өзін ересек сезініп, мәз болып келе жатты.

Әлижан ТҰРҒАЛИ,

№21 мектептің 

4 «Ә» сынып оқушысы.

Орал қаласы.

1035 рет

көрсетілді

267

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы