• Балаларға базарлық
  • 04 Наурыз, 2022

«Айдаһарды арбау» (Күй аңыз)

Серікбай ОСПАНҰЛЫ

Жағып күймен отты да,

Табады екен жоқты да.

Жыршы, күйші, көріпкел,

Би де бопты Кетбұға.

 

Ғажап дейді ел үні де,

Өткір екен тілі де.

Тап болыпты ол бірде

Айдаһардың ініне.

 

Айдаһар іннен шығады,

Маңай тегіс тынады.

Кетбұғаны көріп ол

Жұтпақшы боп тұрады.

 

Таусылған ол амалы,

Жерге отыра қалады.

Айдаһардан қорғанып

Қолға қобызды алады.

Күйші ғой ол арқалы,

Сұңқылдатып тартады.

Айдаһардың күйге бұл

Кетеді еріп жан-тәні.

 

Келген еді құнығып,

Көзі ашылып, жұмылып,

Шарасыз күй кешеді,

Тұрып, қайта жығылып.

 

Күй от болып жетеді,

Өңменінен өтеді.

Айдаһардың өзегі

Жанып, ұйықтап кетеді.

 

Естіп тау, тас, көл күйді

Тау құлап, су толқиды.

«Айдаһарды арбау» деп

Тартып жүр ел сол күйді.

Қостанай қаласы.

Суретін салған Наталья Ященко

287 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы