• Ертегілер
• 28 Ақпан, 2022

ҚҰМЫРСҚА, ӨРМЕКШІ ЖӘНЕ ШЫБЫН (Ертегі)

Дәнеш АХМЕТҰЛЫ

Ертеде құмырсқа мен өрмекші араларынан қыл өтпестей дос болыпты. Құмырсқа дән жиыпты. Өрмекші ау тоқыпты. Тапқандарын бөліп жеп, сыйластықпен бал жаласыпты.

Бір күні бұлар мекен еткен жерге қаңғыбас шыбын ұшып келеді. Тұрағы жоқ, тұрлауы жоқ бейшара келе сала араға қыстырыла кетеді. Әуелі құмырсқаның есігін қағып:

– Мен құдайы қонақпын! Түнеп шығуға рұқсат етіңіз, – деп қиылады.

– Қонақ болсаң, төрлет! – дейді құмырсқа.

Шыбын бұл үйде екі-үш түнеп, әл жиып, өрмекшіге барады. Ол жерде де аз аял ғып, бүйірі шығып, тыңайып алады.

Арада күндер өтеді. Шыбын өрмекші мен құмырсқаны жағалап жүріп, әбден сенімдеріне кіреді.

Бірде үшеуі дастарқан басына жиналады.

– Біз әуелі екеу едік. Қазір үшеу болдық. «Ырыс алды – ынтымақ» деген. Бірлесіп тірлік еткенге не жетсін, шіркін! – дейді құмырсқа.

– Дұрыс айтасың, досым! Мен ау тоқимын, сен дән жинайсың. Ал шыбын достың қандай өнері бар екен? Өз аузынан естісек болар еді, – дейді өрмекші.

Шыбын не айтарын білмей, қыбыжық қағып:

– Менің пәлендей өнерім жоқ-ау! Бірақ қанатымның арқасында діттеген жерге тез ұшып жетемін. Қаласаңыздар, хабаршы болайын. Бір-бірлеріңізге хабар тасып, сәлем-сауқат жеткізіп тұрайын, – дейді.

Сөйтіп шыбын хабаршы болыпты.

Бір күні құмырсқа шыбынды шақырып алып:

– Мен біраз дәмді тағам әзірлеп едім. Соны тездетіп өрмекші досыма жеткізіп берші, – дейді.

Шыбын: «Мақұл!» деп, сәлемдемені алып, ұша жөнеледі. Бірақ орта жолға келгенде, алған бетінен айниды. «Мұны өрмекшіге апарып нем бар? Одан да өзім жемеймін бе?» деп ойлайды шыбын. Сөйтеді де, дәмді тамақты тойғанынша жеп, жұқанасын құмырсқаға қайта алып барады.

– Сыйыңызды досыңыз қабыл алмады! Біразын жеп көріп, жерге төгіп тастады. Қалдығын өзіңізге жіберді, – дейді.

Мұны естігенде құмырсқа бұлқан-талқан болып ашуланыпты.

Адал асын жерге төккен өрмекшіге өкпелеп, сырт айналып кетіпті.

Араға күндер салып, шыбын өрмекшінің үйіне барады. Хабаршыны көргенде өрмекші қатты қуанады.

– Келгенің қандай жақсы болды! Құмырсқа досымнан хабар ала алмай, алаңдап отыр едім. Оған дәмді тағам әзірлеп қойдым. Сен тездетіп апарып берші, – дейді.

«Шыбын қайтті?» дейсіңдер ме? Баяғы әніне басып, тамақты өзі ішіп, қалған-құтқанын өрмекшіге қайта алып барады.

Аң-таң болған өрмекші:

– Құмырсқа досым әзілдеген шығар?! Басқа тағам әзірлейін, – дейді.

Осылай қатарынан үш рет сәлемдеме жолдайды. Әр жолы шыбыннан жақсы сөз естімейді. Ақыры өрмекшінің өкпесі кеуіп, досына ренжіп қалады.

Шыбын болса, екі үйге кезекпен қонып жүреді. Қарнын әбден тойдырып, семіріп алады.

Бір күні құмырсқаға келіп:

– Өрмекші досыңыз сізбен татуласқысы келеді. Анау тұрған биік жартастың үстінде кездеспекші. Жартасқа өрмелеу қиын. Беліңізге ұзын арқан байлап алыңыз. Құлап бара жатсаңыз, тартып аламын, – дейді.

Осы сөзді айнытпай, өрмекшіге де айтады.

Әрине, құмырсқа мен өрмекші бұған сеніп қалған болатын. Олар тездетіп шыбын айтқан жерге жетеді. Белдеріне ұзын арқан байлап, жартасқа өрмелей жөнеледі. Залым шыбынның күткені де осы еді. Ол құмырсқа мен өрмекші біраз биікке көтерілгенін күтіп тұрады да, арқанның екі ұшын бір-біріне мықтап байлап тастайды. Содан соң арқанды жұлқып-жұлқып жібереді. Құмырсқа мен өрмекшінің аяқтары тайып, ауада қалқып тұрып қалады. Олай бұлқынады, бұлай бұлқынады. Бірақ түк шықпайды. Арқан олардың белін бунап, әбден қиып жібереді. Қозғалған сайын арқан қысып, жандары қиналады. Әйтеуір әупірімдеп жүріп, арқанды шешіп, жерге түседі. Бір-бірімен құшақтасып көрісіп, қуанғандарынан жылап жібереді.

Шыбын болса, бұл арадан әлдеқашан ұшып кеткен болатын. Ол құмырсқа мен өрмекшінің жиған-тергенін талапайлап жеп, жемегенін рәсуалап, басқа жаққа тайып тұрған еді.

Содан бері құмырсқа мен өрмекшінің арқан қиған белдері бунақ болып қалыпты. Ал өрмекші шыбынға қатты өшігіп, жолына үнемі ау құрып жүреді екен.

Суретін салған Ерлан Момбаев

319 рет

көрсетілді

32

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Nbkqfr

02 Мамыр, 2022

viagra 150mg brand - buy viagra pill sildenafil online

Zanuem

08 Мамыр, 2022

prednisolone online - buy prednisolone 10mg online cialis cheap

Qkrrrv

11 Мамыр, 2022

augmentin over the counter - generic cialis 20mg cialis 20mg price

Gzxtub

13 Мамыр, 2022

cost sulfamethoxazole - buy sildenafil generic sildenafil viagra

Gelnrv

15 Мамыр, 2022

cephalexin canada - erythromycin 500mg without prescription order erythromycin online cheap

Fvveyx

17 Мамыр, 2022

sildenafil 100mg cheap - ivermectin oral solution ivermectin cream cost

Yvytrg

20 Мамыр, 2022

ceftin for sale - cialis 20mg for sale tadalafil 5mg cost

Ugmhbp

24 Мамыр, 2022

order amoxil 1000mg sale - purchase levitra generic vardenafil oral

Nwbhbx

25 Мамыр, 2022

ivermectin 3mg online - stromectol lotion cost levitra over the counter

Qyrmsa

27 Мамыр, 2022

order doxycycline - cialis online buy order cialis 10mg

Uomkuv

29 Мамыр, 2022

buy tadalafil 40mg without prescription - online canadian pharmacy legit buy provigil online

Hfunei

30 Мамыр, 2022

deltasone cheap - erection pills online accutane 10mg generic

Jylitq

31 Мамыр, 2022

amoxicillin sale - oral amoxil 500mg viagra medication

Riyrfc

02 Маусым, 2022

prednisolone generic - order prednisolone 20mg for sale sildenafil 150mg

Ahcynd

04 Маусым, 2022

buy furosemide - ivermectin generic name ivermectin 6 mg for people

Umstzn

07 Маусым, 2022

brand metformin 1000mg - order norvasc pill norvasc 5mg usa

Uftlms

08 Маусым, 2022

lisinopril 10mg oral - buy lisinopril 2.5mg generic cost tenormin 50mg

Xudjym

10 Маусым, 2022

order levitra 20mg online cheap - buy pregabalin 75mg generic clomiphene 100mg generic

Yzdofj

11 Маусым, 2022

ventolin medication - essay buy online priligy 60mg sale

Yenunc

13 Маусым, 2022

order synthroid 75mcg pills - hydroxychloroquine 200mg price order hydroxychloroquine 400mg generic

Mrobyv

14 Маусым, 2022

cialis black - sildenafil 100mg usa sildenafil us

Xpiebd

16 Маусым, 2022

deltasone 5mg oral - cheap xenical buy amoxicillin pills

Bcvowu

17 Маусым, 2022

diltiazem 180mg cost - purchase prednisolone pills neurontin 800mg brand

Rmaimv

18 Маусым, 2022

lasix 100mg for sale - order zovirax sale brand doxycycline 200mg

Jjwpeu

19 Маусым, 2022

cenforce 100mg generic - buy crestor buy motilium online

Wvdblr

21 Маусым, 2022

viagra brand - cialis 5mg tablet buy tadalafil 5mg generic

Gryvxo

22 Маусым, 2022

modafinil 100mg over the counter - generic rhinocort budesonide online

Empdth

24 Маусым, 2022

isotretinoin 10mg tablet - accutane 40mg for sale buy tetracycline online

Qqizhy

26 Маусым, 2022

generic flexeril 15mg - buy colchicine generic brand inderal 20mg

Jiasnx

28 Маусым, 2022

buy plavix 75mg without prescription - order methotrexate 2.5mg pill purchase reglan pills

Spoyss

29 Маусым, 2022

buy losartan - generic losartan 25mg order promethazine sale

Vpgdve

01 Шілде, 2022

levaquin online order - sildenafil drug cialis 40mg sale

БАЛДЫРҒАН №12

28 Ақпан, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒҰЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы