• Жарайсың
  • 04 Ақпан, 2022

«Балдырған» ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дамуына үлесін қосуда.

Біз еңбек ететін мектеп-интернат ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған. Оқу-тәрбие жұмысы да ерекше әдіс-тәсілдерді қажет етеді. Ұстаздарға жан-жақты ізденуіне тура келеді. Осындай кезде көмегі әзір, материалы дайын журнал - "Балдырған" журналы. Суреттері анық, бояуы қанық. Баланы бірден баурап алады. Материалдарын алып, мектеп бағдарламасының кез келген пәні (математикаға, қазақ тілі мен оқу, айналамен таныстыру, заттық тәжірибелік іс әрекет, бейнелеу  өнері, сенсомоторикалық түзету және т.б) мен тәрбие жұмысыныың барлық бағытына  пайдалана аласыз. 
 2020 жылдың желтоқсанында "Балдырған" журналының редакциясы 30 оқушымызға тосынсый жасап, бір жылдық жазылымын сыйға тартты. Қашықтықтан оқыған уақытта жанында маман болмағандықтан оқушылардан журналды пайдаланып, "сусындағаны" шамалы болды. Қыркүйек айында оқушылар мектепке оралысымен журналдың әрбір саны,  сыныптан тыс жұмысының таптырмас құралына айналды. Ақын ата, ағаларымен, батыр бабаларымен танысты. Журналдағы ақын- жазушыларымыздың шығармалары мерекелік іс-шараларымыздың әдеби монтажын жасауға, сыныптан тыс жұмыстарымыздың қызықты өтуіне ықпал етті. «Рухани жаңғыру» аясында «Менің Қазақстаным» айдары балаларды еліміздің жер-су атауларымен, «Тәуелсіздік шежіресі» еліміздің тарихымен таныстырып отырды.


«Жаңылтпаштар» айдарынан жаңылтпаш жаттаумен қатар, балалар дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланып, тілін жаттықтырды. «Жұмбақтар» айдары таным көкжиегін кеңейтті. Ойлау, есте сақтау қабілетін түзетті. Сюжетті суреттері оқушылардың назарын өзіне бірден аударып, зейінін тұрақтандырды. «Балдырғанның қызыл кітабы» айдары табиғатпен таныстырып, экомәдениетін қалыптастырды. «Ислам атаның ізгілік сабағы» баланың болмысын ашып, бойындағы мейірім, махабатын оятты. «Ойлан, тап!» математикаға қызығушылығын оятса, «Өзің жасап ал!», «Өзің бояп ал!» өз бетінше әрекет жасауға, еңбектенуге үйретті. 
Жақында мектеп-интернатта «Балдырғаннан базарлық» атты семинар өтті. Тәрбиеленушілер үйренгенін ортаға салды. Әзірге қол жеткізгеніміз осы, кезегін күтіп қанша материал тұр.
    «Балдырған» балалардың дамуына үлес қосуда. Бойындағы кедергілерін жоюға жәрдемі тиді. Өзіне сенімділік пайда болып, оқуға құштарлықтары оянып, асыға күтетін журналына айналды.   

Шымкент қаласы білім басқармасының 
«Қосалқы мектеп-интернаты» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Г. С.  Мықтыбаева

620 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы