• Балаларға базарлық
  • 26 Қаңтар, 2022

АЙНАЛАДА – АҚША ҚАР

Әнін жазған Роза СҮЛЕЙМЕНОВА
Өлеңін жазған Қабдыкәрім ЫДЫРЫСОВ

Аппақ, аппақ ақша қар
Жапты біздің көшені.
Ақ жамылды бақшалар
Біздер еккен кешегі.

Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Отырып кім қалады,
Тоңатұғын қай бала?
Жүйрік шаңғы аяқта,
Ақша қарда зырлаймыз.
Асқар асу қай жақта,
Таппай әсте тынбаймыз.

Төтеп берер суыққа
Шыныққан біз баламыз.
Жазда, қыста, жорықта
Үнемі алда боламыз.

 

417 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №5

31 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы