• БАЛДЫРҒАН
  • 30 Қыркүйек, 2021

БІЗДІҢ БАТЫР БАБАЛАР

Олжас ҚАСЫМ 

 

БАУЫРЖАН  МОМЫШҰЛЫ

 

«Отаным, жерім» деп, 
Көрсеткен айбарын. 
Көтерген «елім» деп, 
Жеңістің байрағын. 

Ерлігі тараған, 
Аңызға айналған. 
Оралды ол аман,
Еліне майданнан. 

Ұқсағым келеді, 
Бауыржан батырға. 
Мектебім, себебі, 
Батырдың атында. 

 

ХИУАЗ  ДОСПАНОВА

 

Соғыс өртін жайған маңда,
Қару етіп батылдықты. 
Хиуаз апа қан майданда,
Көрсетті анық батырлықты. 

Төбесінде самғап жаудың, 
Зеңгір көктен оқ боратқан. 
Арқасында сол жандардың,
Тәуелсіздік ақ таңы атқан. 

Батыр аты ардақталар, 
Азат, бейбіт ұлы елімде. 
Қаһармандар ел мақтанар,
Халқымыздың жүрегінде.

 

БАҚТЫОРАЗ  БЕЙСЕКБАЕВ  

Ол батыры даланың,
Қорғай білген елімді, 
Ер Бақтыораз бабаның. 
Ерлік ісі зор, үлгі. 

Мерген деген ат алған,
Қорғаны боп бар жанның. 
Қайсар батыр қаһарман,
Көзін жойған жаулардың. 

Батылдықпен, ақылмен,
Намыс туын көтерген. 
Мақтанамыз батырмен,
Бізге жеңіс әперген. 

 

ТӨЛЕУҒАЛИ  ӘБДІБЕК

Шын берілген намысқа,
Төлеуғали Әбдібек,
Атой салған соғыста, 
Нағыз батыр ержүрек. 

Ең бақытты туды күн,  
Айтар әсем ән қылып. 
Оның аты тұр бүгін,   
Жүректерде жаңғырып.  

 


Суретін салған Ерлан Момбаев

571 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы