• Балаларға базарлық
  • 30 Қыркүйек, 2021

КҮЗ ТУРАЛЫ ЖАЗҒАН ӨЛЕҢДЕР

Алматы қаласындағы М.О.Әуезов атындағы
№128 орта мектептің 5-сынып оқушыларының күз туралы жазған өлеңдері.

 

ҚҰСТАР ҰШЫП БАРАДЫ

Көк аспанға қарадым,
Құстар ұшып барады.
Сары күздің желімен,
Кекілімді тарадым.

Нұрсаадат БАХТИЯРҚЫЗЫ

 

ӘДЕМІ

Күз салқын, әдемі,
Күз мезгілі кәделі.
Күзді мен сүйемін,
Ботасындай түйенің...

Асан ИСЕНҒАЛИЕВ 

 

ҚЫРКҮЙЕК

Келді, міне, қыркүйек,
Жемістерін мол тиеп.
Атамыздың Жұбандық,
Алмасын жеп қуандық.

Гауhар БАРАТ

 

АЛТЫН КҮЗ

Алтын күз көңілді,
Диқан алар өнімді.
Мектептер де бастайды, 
Сабақтарын сенімді.

Айзере АППАЗ

Суретін салған Ерлан Момбаев

 

529 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы