- Жарайсың
- 05 Қыркүйек, 2021
АЙША БИБІНІҢ «ӘЛІППЕСІ»

Биылғы жаңа оқу жылының жақсы жаңалығы бар. «Әліппе» еліміздің мектептеріне қайта оралды. Енді 1-сынып оқушылары екі тоқсан бойы «Әліппеден» әріп танып, қалған екі тоқсанда «Ана тілінен» білім алатын болады.
Жаңартылған «Әліппеде» заманауи технология да ескерілген. Оқулықтың әр бетінде QR-код бар. Оны сканерлеп, аудиожазбалар тыңдауға болады.
1 қыркүйек – Білім күнінде мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге «Әліппе» салтанатты түрде табысталады. Солардың қатарында Алматыдағы №88 жалпы білім беретін мектептің 1 «А» сынып оқушысы Айша Бибі Төребекова да бар.
– Мен санауды, сандарды қосып-азайтуды білем. Енді «Әліппеден» әріп үйренем. Содан соң «Балдырғанды» оқимын, – дейді Айша Бибі.
Біз кішкентай Айша Бибі мен «Әліппелерін» қолға алып, білімге қадам басқан барша бүлдіршінге ақ жол тілейміз!
Бекен ДАТҰЛЫ

102 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *