• Мерейтой
  • 30 Қыркүйек, 2021

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

    1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығы құрылды. Оның қатарына бұрын Кеңес Ода­ғы­ның құрамында болған 11 тәуелсіз мемлекет кірді. Мемлекет бас­шылары ТМД-ны құру туралы Декларацияға қол қойды. 

    1992 жылы 30 қаңтарда Қа­зақ­­стан Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынты­мақ­­тастық ұйымына мү­­ше боп кірді.    1992 жылы 30 қаңтарда Қа­зақ­­стан Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынты­мақ­­тастық ұйымына мү­­ше боп кірді.

    1992 жылдың 18 ақпанында Алма­тыда балалар құ­қығын қорғау және көмекке зәру ба­ла­ларға қамқорлық көрсету мақсатымен «Бөбек» балалар қайы­рымдылық қоры құрылды.

    1992 жылы 2 наурызда Қазақ­­стан Біріккен Ұлттар ұйы­мы­на мүше болып кірді. Осы сәт­тен бастап Қазақстан әртүрлі сипат­тағы халықаралық мәсе­ле­лерді шешуге және әлемде ынты­мақ­тастық орнатуға атса­лы­са бас­та­ды.

    1992 жылы 7 мамырда еліміз­дің халқы мен аумақтық тұтас­тығын, егемендігін қорғау мақ­сат­ында Қазақстан Респуб­лика­сының дербес Қарулы күштері құрылды.

    1992 жылы 22 мамырда Қа­­зақ­­стан ЮНЕСКО (БҰҰ-ның ғы­­лым-білім және мәдениет мә­се­­лелерімен айналысатын ұйы­мы) құрамына енді.

    1992 жылдың 4 маусымында «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы ту­ра­лы» және «ҚР Мемлекеттік Ән­ұранының музыкалық редак­ция­сы туралы» заңдар күшіне енді.

 

Совет ӘЛІМҚҰЛОВ

ОТАН

Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім – менің тірегім,
Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайды қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің, сен Отан.

 

 

677 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы