- Жұмбақтар
- 04 Мамыр, 2021
Жұмбақтар

Қызығына қараңыз,
Шыбын-шіркей тамағы.
Қусаң егер, шарасыз,
Құмға батып қалады. (Батбат)
Жұмырланып жатқанда,
Бар тұлғасы қарыстай.
Аңдулы аңын қаққанда
Кере құлаш барыстай. (Мәлін)
Төрт аяқпен аспанды
Тіреп жата қалады.
Көріп жүрміз басқа аңды,
Бұл солай дем алады. (Борсық)
Батырына әр жердің
Жұрт таңырқай қарасқан.
Мың жүректі дәу көрдім,
Бойы көкпен таласқан. (Терек)
Айта алмаймын түр-түсін,
Ұнатады тазаны.
Жолдың қыртыс-қыртысын
Жонып-жонып жазады. (Грейдер)
Құлақтары қалқиып,
Күнге қарай талпынған.
Бөденедей дән түйіп,
Алқа салар алтыннан. (Егіс)
Сым арқанға асылып,
Көшіп жүрді үйіміз.
Қуаныштан тасынып
Тұрды көңіл күйіміз. (Троллейбус)
Күн көзіне пісуге
Қойған білем, түсте әр.
Жез табақтың ішінде
Толып тұрған пісте бар. (Күнбағыс)
Желіде жатқан жерінен
Сары қойды алып келіп ем.
Құрсағы толы қозы екен,
Сойғасын – жарып көріп ем.. (Қауын)
Кісінесе құлыным,
Елеңдеймін мен оған.
Естиді де шырылын,
Жиналады көп адам. (Қоңырау)
Қабыспасты қабыстырған,
Жабыспасты жабыстырған,
Магнит пе, шеге ме –
Айтшы, кәне, немене? (Желім)
Бөлетұғын ойыңды
Ойын түрі ғажап-ақ.
Ширек тонна шойынды
Көтеріп тұр – азамат. (Штангист)
Іздемейді, қумайды,
Аңдып жолын бағады.
Аң келгенде тұрмайды,
Аяғынан қабады. (Қақпан)
Мұнараның шыбығын
Шанышқан жер – тұрағы.
Бұрқыратып шылымын
Көкке қарап тұрады. (Зауыт тұрбалары)
Өмірзақ Қожамұратов

1667 рет
көрсетілді2
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
DeeynSrKa
15 Қыркүйек, 2022gay men webcame and chat gay pnp free chat denver <a href="https://free-gay-sex-chat.com/">gay black chat lines </a>
GennieSrKa
16 Қыркүйек, 2022chat with senior gay' <a href=https://chatcongays.com>chat gay en espanol gratis</a> top gay chat rooms