• БАЛДЫРҒАН
  • 12 Наурыз, 2021

Тәуелсіздік шежіресі

Қымбатты оқырман! Биыл еліміздің өз тәуелсіздігін алғанына 30 жыл толады. Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз. Біз үшін оның мәні мен маңызы өте зор. Еркіндік пен бостан­дық­тың арқасында Қазақ елі қайта түледі. Тарихымыз түген­де­ліп, тіліміз бен дініміз жанданды. Салт-дәстүріміз қайта жаң­ғырды. Сары­ар­қаның төсінен сәні мен сымбаты жарасқан жаңа астана бой кө­терді. Айта берсек, балалар, осы отыз жылда ғасырға бергісіз жетістіктерге қол жеткіздік. Осы мәртебесі биік мерекемізге орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты айдар ашып отырмыз. Оның аясында біз отыз жылда еліміз жүріп өткен жолдағы негізгі оқиғаларды әр нөмір сайын өздеріңнің естеріңе салатын бо­ла­мыз. «Өткенсіз бүгін жоқ» демекші, тәуелсіз елдің тарихын біліп өсу кез-келгеніміз үшін үлкен міндет екені сөзсіз.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе­сі еліміздің егемендігі туралы Декларация қабыл­дады.

1991 жылдың 29 тамызында Қазақ КСР Пре­зи­ден­тінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы жарияланды. 40 жыл­дан астам уақыт бойы ядролық сынақ жүргізіп, ел­ді үрейге бөлеп келген полигон мәңгіге жа­былды.

Қазір 29 тамыз БҰҰ-ның Бас ассам­блея­сы­ның шешімімен «Ядролық қару-жараққа қар­сы ха­лық­­­ара­­лық күрес күні» деп аталады.

1991 жылдың 2 қазаны күні қазақтан шыққан тұң­ғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қа­зақ­­стан­ның Халық қаһарманы Тоқтар Әу­бә­кіров «Союз ТМ-13» зымыранымен ға­рыш­қа ұшты.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақ КСР-інің Пре­зидентін сайлау науқаны өтті. Сайлау нә­ти­­жесі бойынша көп дауыс жинаған Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев Республика Пре­зи­денті болып сайланды.

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жо­ғар­ғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылдады. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет енді Қазақстан Респуб­ли­касы деп аталатын болды.

1991 жылы 12 желтоқсан күні «Қазақ­стан­дағы 1986 жылғы желтоқсанның 17–18-індегі оқи­ға­ларға қатысқан үшін жауаптылыққа тар­тылған азаматтарды ақтау» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің Жарлығы шықты.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Рес­­пуб­ликасының мемлекеттік тәуелсіздігі тура­лы» Қазақстан Республикасының Заңы қа­был­данды. Осы күні Қазақстан Респуб­ли­ка­сының мемлекет­тік тәуелсіздігі жария­лан­ды. Әлем картасында Тәуел­сіз Қазақстан Рес­­­пуб­­ли­касы атты жаңа мемлекет пайда болды.
 

764 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы