• Балаларға базарлық
  • 12 Наурыз, 2021

Атын білгін жолдардың

Мира СЕМБАЙҚЫЗЫ

Қалған жұрттан сан із бар,
Төрт түлікке жайлы-ау ол.
Кең көсіліп, көп жүрген,
Әуелгі жол Айдау жол.

Тарам-тарам жолменен,
Барғың келсе белдерге.
Бағдарыңды дұрыста,
Айырық жолға келгенде.

Шөп тиелген көп арба,
Әне, кетіп барады,
Дөңгелекпен тапталған,
Арба жолы қалады.

Аңғар, аңғар, аңғарлар,
Аңғарға да бір жол бар.
Аспа жолмен жүре ғой,
Кездессе егер сан жолдар.
Көк жүзінде алақай,
Ұшақ ұшып барады!
Артында оның көрінбей,
Әуе жолы қалады.

Сайраған кең жолда,
(Ойға ендіріп желіктер).
Даңғыл жолмен зулайды.
Алуан түрлі көліктер.

Қыр үстінде жол жатыр,
Жалғыз адам жүретін.
Жал жол дейді үлкендер
Жол атауын білетін. 
Жолдар сырын ұғатын
Біз ұғымтал баламыз.
Аң жолдарын ежелден,
Жым жол деген бабамыз.

Күзер жол мен Күрең жол,
Кең даңғылдың атауы.
Түсіне алсаң егер де,
Әр жолда сыр жатады.

Бастау жол бар негізгі,
Сапар шексең жүресің.
Күре жол деп аталар,
Енді атауын білесің.

Сапарлаған адамдар,
Алыс жолдан қашар ма?
Сар жол деген бабамыз,
Қашық жолды қашанда. 
Зулап, зырлап пойыздар,
Адам тасып, жүк тасып,
Темір жолмен барады,
Белді басып, қыр асып. 

Бармақ болсаң ауылға,
Ең жақындау жолменен.
Төте жолмен тура тарт,
Асып ана белдерден.

...Күтіп әне тұр сені,
Талай жолдар әлі алда.
Сапар шексең, алтыным,
Жолың болсын әмәнда!

545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №5

31 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы