• Балаларға базарлық
  • 12 Наурыз, 2021

Бастау

Алматы қаласындағы №146 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушылары «Балдырғанға» жыл сайын жазылады. Журналдарын сүйіп оқиды. Бізге хат жазып, хабарласып тұрады. Бүгін солардың бір тобының шығармашылығымен таныс болыңдар.

Көктем келді

Көктем келді,
Бұлақтардан су ақты.
Күледі күн –
Анашымдай шуақты.
Құтты болсын мерекеңіз,
Әжетай!
Мейіріміңіз бойға құяр қуатты.
Әлихан ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ

Көктемді жақсы көремін

Мен көктем мезгілін сағына күтемін.  Көктемде аналардың  мерекесі болады. Ұлттық Жаңа жылымыз – әз Наурыз мерекесі келіп, бәрімізді қуанышқа кенелтеді. Жыл құстары туған жерге оралып, бау-бақшаны әсем әнге бөлейді. Сәуір, мамыр  айларында гүлдер құлпырып, жан-жақты сәнге айналдырады. Жер әлемді жаңартып, жап-жасыл ететін көктем мезгілін қатты жақсы көремін.
Мәдина АБДРАХМАН

Жасайбер, әз Наурыз!

Мен де көктемді жақсы көремін. Не үшін? Әрине, Наурыз мерекесі үшін. Наурыз – мен үшін баға жетпес мереке. Оның бізге беретін тағлымы мен тәрбиесі қандай керемет! Наурыз тойы кезінде  жер бетін көк шалғын көмкеріп, адамдардың бәрі жасарып, жайнап кетеді ғой.  Ендеше, Наурызды жаңару мен жастықтың мерекесі деуге әбден лайық. Жасай бер, жайнай бер, әз Наурыз! Тезірек жет, бізге! Біз өзіңді сағындық...
Шынар АППАЗ
 

457 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы