• Жарайсың
  • 12 Наурыз, 2021

Біздің Әли талапты

Әли Болат – Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентіндегі №30 жалпы білім беретін мектептің 2 «В» сынып оқушысы. Сыныптағы ең үздік оқушылардың бірі. 
Әли 1-сыныпта оқып жүргенде «Ұстаз – ұлы тұлға» деген республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн өнер байқауына қатысып, 1-орынға ие болды. Одан соң «Абай мұрасы» атты республикалық білім сайысында 2-орынды иеленді. Биыл тағы осы сайысқа қатысып, 1-орын иегері атанды.
Сонымен қатар, Әли «Тәуелсіздік, биік болсын тұғырың!» атты республикалық фестивальде бақ сынап, 1-дәрежелі дипломмен және арнайы медальмен марапатталды. 
Халқымыз «Талапты бала – талпынған құстай» деп тегін айтпаса керек. Талапты бала Әлиге ата-анасы, сынып жетекшісі Ақжайық Нұғыманова, сыныптас достары зор сенім артады.
Жеңіскүл СМАЙЛОВА,
мектеп кітапханашысы.

307 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы