• Балаларға базарлық
  • 20 Қаңтар, 2021

Менің Қазақстаным!

Еркін НҰРБАЙ

СЫҒАНАҚ

Табиғаты ғажап тым,
Болмаса да орман, көл?
Мың жыл бойы қазақтың,
Астанасы болған жер.

Таласы бар тағбашты*,
Қалмағымен жеңгенбіз.
Сығанақта алғашқы,
Соғылыпты теңгеміз.

ҚОЗЫБАСЫ

Болмайық деп құл кеуде,
Ұлт боп ұйып анығы.
Ту көтерген бұл жерде,
Тұңғыш қазақ хандығы.

Әй, кім білсін, сен тегі!
Басымысың қозының?
Өткеннен сыр шертеді,
Жал-жал тартқан тозығың...

ОРДАБАСЫ

Әбілқайырды бас сайлап,
Жиыны үш жүз болған жер.
Қалмаққа қарсы атойлап,
Қазағым атқа қонған жер!

Шуағын шашып Азат Күн,
Ағытты жырдың тиегін.
Баласы үшін қазақтың,
Ордабасымыз киелі!..

Сауран

Ескі жұртым Саураным,
Ордасы еді сауданың.
Болмаса да орманы,
Жеті қабат қорғаны.

Ақсақ Темір шабам деп,
Құзырыма алам деп,
Шығарса да сан бүлік,
Тұра бердің сән құрып.

696 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №9

03 Қазан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерғали Бақаш

"Балдырған" журналының бас редакторы