• Балаларға базарлық
  • 20 Қаңтар, 2021

Ойлан, тап!

Суретші

Айбол тапсырыспен мектеп, балабақшалардың дәлізіне өрнек салады! Ол салған табиғат суреттері адамды өзіне еріксіз баурап алады. Дәліз бойлап келе жатып бірде «Джунгли» орманында келе жатқандай әсерде болсаң, бірде қазақтың кең даласында келе жатқандай боласың. Тіпті, судың үстінде, я болмаса шыңның басында жүріп келе жатқандай сезімде болатын жерлері де жоқ емес. Айбол бір сағатта 4 квадрат метр жерге сурет салады.
Егер ол 8 сағат бойы сурет салса, неше квадрат метр қабырғаны бейнелеп шыға алады?

Тіл үйрену

Дария ағылшын тілін үйреніп жүр. Ол алдына күніге 100 жаңа сөз жаттаймын деген мақсат қойып, онысын жүйелі түрде орындап та жүр. Әр жаттаған жаңа сөздерінен ағылшын тілінде «топик» жазады. Осылай тіл үйреніп жүргеніне бүгін тура үш ай болыпты.
Дарияның сөздік қоры неше сөзбен толықты деп ойлайсыңдар?

Гүлмекен ТІКЕБАЕВА

733 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №5

31 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы