• Жұмбақтар
  • 20 Қаңтар, 2021

Жұмбақтар

Әли ЫСҚАБАЙ

Тау түбінде іні бар,
Қос көрші кім, біліп ал! (Мұрын)

Зырылдаса айналып,
Беліне шар байланып,
Алғандай бір тон киіп,
Шыға келер томпиып. (Ұршық)

Сауырында – нар тісі,
Тұтасты бөлу – бар ісі. (Ағаш кесетін ара)

Кисең – қампияды,
Шешсең – жалпияды. (Шұлық)

Торсылдақты іліп ем,
Жадыратты нұрымен. (Электр шамы)

Қысы-жазы пішінін
Өзгертпейтін кісі кім? (Шырша)

Бес туыс қалмастан бірі де,
Суықта тығылар бір інге. (Қолғап)

Пар аттың қосағы,
Қалың қарды осады. (Шаңғы)

Шөп үстінде қалтырап,
Моншақ жатыр жалтырап. (Шық)

1010 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №9

03 Қазан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерғали Бақаш

"Балдырған" журналының бас редакторы