• Балаларға базарлық
  • 20 Қаңтар, 2021

Тоқылдақтар

Тоқылдақтар – ұзын қашау тәрізді ерекше тұмсығы бар шағын және орташа денелі тоқылдақтәріздестер отрядына жататын құстар. Олар дүние жүзінің Ирландия, Австралия, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея, Мадагаскар сияқты полярлық өлкелерден басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Әлем бойынша тоқылдақтың 35 туыстан тұратын 207 түрі бар екен. Ал біздің Қазақстанда солардың 5 туыстан тұратын 8 түрі тіршілік етеді. Тоқылдақтар қай жерде болмасын, негізінен орман ішінде өмір сүреді. Өздері ұшуды онша қаламайды. Сондықтан көп уақытын ағашта жүріп өткізеді.
Тоқылдақтың тұмсығын бойлай созылған қырлар мен қатпарлар болады. Тілі ұзын және нығыз, ұшы үшкір, арнайы сөл шығатындықтан жабысқақ және тікенекті болып келеді. Тұмсықтың жәрдемімен ағаш қабығын тесіп, ондағы қорегін тіліне жапсырып немесе шаншып алады. Тоқылдақтар негізінен ағаш қабығы мен діңіндегі бунақденелілерді және солардың дернәсілдерін жейді. Қыста тоқылдақтар қылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қатты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді.
Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Оны кейде «орман дәрігері» деп те атайды. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды жәндіктерді қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде жәндіктермен қоректенеді.
Тоқылдақтың қауырсындары қатты әрі ашық түсті болады. Құйрығы ұзын. Құйрығын таяныш етіп, имек, өткір тырнақтарымен тік бетке жабысып ұзақ тұра береді. Аяқтары қысқа және күшті. Екі саусағы алға, екі саусағы артқа бағытталған 4 саусағы болады.
Тоқылдақ отырықшы құс. Кейде шағын қашықтыққа қоныс аударуы мүмкін. Топ та, үйір де түзбейді. Жұбын көп жылдар бойы сақтайды. 

Тоқылдақтың құйрық қауырсын­да­ры өте өткір болады. Ұстаған адамның қолын кесіп кетеді.Тоқылдақтың құйрық қауырсын­да­ры өте өткір болады. Ұстаған адамның қолын кесіп кетеді.  Тоқылдақ бір секундта ағашқа 20 рет соққы жасауы мүмкін.  Көп қуат жұмсайтын болғандықтан ол үнемі аш жүреді. Ол бір күнде 900 ағаш құртын немесе бір мың құмырсқа жей ала­ды. Ал жасыл тоқылдақ бір күнде 2000 құмырсқа жеп қояды екен.  Ең үлкен тоқылдақ Оңтүстік-Шы­ғыс Азияда өмір сүреді. Оның дене тұрқы 50 сантиметрге дейін жетеді.  Ал ең кішкентай тоқылдақ Оңтүстік Америка мен Азияда тіршілік етеді. Олардың дене тұрқы бар-жоғы 8 – 10 сантиметр ғана.  Басқа құстарға қарағанда тоқыл­дақ­тар­дың басы өз денесімен салыстырғанда үлкен болып келеді.  

1889 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №1

30 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерғали Бақаш

"Балдырған" журналының бас редакторы