• Жарайсың
  • 20 Қаңтар, 2021

Талабы таудай Нұрислам

Нұрислам Әбділбаев – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарғыба ауылындағы Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы. Сынып жетекшісі Гүлнара Жетпісова мақтан тұтатын білімге құштар, талапты шәкірттердің бірі. Ол түрлі деңгейдегі білім сайыстарында оза шауып, топ жарып жүр. Өткен оқу тоқсанының өзінде республикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған
«Ақ бота» интеллектуалдық марафонына қатысып, жүлдегер атанды. Сонымен қатар, қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Нұрислам бос уақытында сурет салғанды ұнатады. «Өскенде тәртіп сақшысы болып, еліме қызмет етсем» деген арманы бар. Біз оған: «Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет!» дейміз.
Бекен Датұлы

313 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы