• Мерейтой
  • 20 Желтоқсан, 2020

Белгілі балалар ақыны Тұрысбек Еділбаев 75 жаста

Тұрысбек аталарыңның мамандығы дәрігер. Бірақ ол көп жылдан бері қаламын қолынан тастамай өлең жазып келеді. Өлең болғанда да ол кісі негізінен балалар үшін жазады. Ақынның балаларға арналған өлеңдері республикалық басылымдарда үзбей жарияланып тұрады. Оның «Марс алыс па?», «Санамақтар», «Есеннің қылығы», «Айша», «Төрт түлікпен таныс бол», «Жыл мезгілдері», «Бақшада не өседі?» атты кітаптары өздеріңе арналған, балалар. Ал «Үш пәледен аулақ бол», «Ұрпақтарға аманат» (қазақтың қара өлеңдері), «Өмір сыйлаған жандар» атты кітаптары ересек оқырманға арналған. Сондай-ақ, «Табиғат тартқан сый», «Сусамыр» деген кітаптары медицина ғылымына арналған ғылыми еңбектер.

ҚҰЛЫН

Жібек жалды құлыным,

Желкілдеген тұлымың.        

Ылғи да асыр саласың,

Ойынға қашан қанасың?

Дөнен

Құндыз жалды дөненім,
Сені жақсы көремін
Шаужайыңнан қақпайын,
Жүйрік етіп баптайын.

Бұзау

Ала белді бұзауым,
Кесілмепті тұсауың.
Тұсауыңды кесейін,
Моншағыңды шешейін.

Лақ

Аппақ қандай лағым,
Салбырайды құлағың.
Келтіресің күлкімді,
Түрің неткен сүйкімді.

Серке

Ай мүйізді серкесің,
Қандай өзің еркесің.
Отарыңды шұбатып,
Қырға қарай ертесің.

Қозы

Күн-түн санап өсесің,
Жайдақ суды кешесің.
Керек саған күтім,
Дайын тұр ғой сүтің.

Түйе

Еркелетіп соңыңнан
Ақ ботаңды ертесің.
Көрінеді жотаңнан,
Тау сияқты өркешің.

Тұрысбек ЕДІЛБАЕВ

1531 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №5

31 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы