• Балаларға базарлық
  • 19 Желтоқсан, 2020

Бала тілі-бал

Етіксіз күшік

Қоңыр күз. Қараша айы. Күн суытып, жапалақтап қар жауды. Алғашқы қар. Көп ұзамай айнала-төңірек түгел ақ көрпеге оранды. Асхат анасына еріп аулаға шықты. Көзі бірден көрші үйдің күшігіне түсті.
– Анашым, – деді ол таңғалып. – Күшік неге жалаңаяқ жүр? Аяғына етігін кимепті. Ол енді тоңып қалатын болды ғой...

Көзіме қой деңізші!

Асхат тентектік жасап, анасынан таяқ жеді. Жылағанына қарамай анасы оны бұрышқа тұрғызып қойды. Біраздан соң анасы түскі ас дайындап, Асхатты тамақ ішуге шақырды. Асхат болса жылауын қояр емес. Басын салбыратып, төмен қарап алған.
– Балапаным, кел! Келе ғой, – деді анасы оны еркелетіп. Үні ерекше жұмсақ, мейірімді.
Асхат аяғын санап басып, ас бөлмеге бұрылды.
– Болды, жарайды! Жігіт емессің бе? Қой жылауыңды, – деді тағы анасы.
– Анашым, мына көзім жылауын қоймай жатыр. Оған қой деп айтыңызшы, – деді Асхат кемсеңдеп.

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ

388 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №1

30 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерғали Бақаш

"Балдырған" журналының бас редакторы