• Балаларға базарлық
  • 23 Қыркүйек, 2020

Күз жемісі қандай!

Алма

Бақта тұр албырап,
Қызыл алма салбырап.
Әсет ұзап кетпей тұр,
Әттең, бойы жетпей тұр.

 

Өрік

Күзде піссе өрік,
Қызығамыз көріп.
Пісіп жерге түскенін,
Аламыз біз теріп.

 

Жаңғақ

Базарда көп жаңғақ,
Алам оны таңдап.
Сырты сондай қатты,
Дәні бірақ тәтті.

 

Бүлдірген

Қызықтырып баланы,
Күнгейге өрлеп барады.
Қолқаны алып қош иісі,
Танауыңды жарады.

 

Жүзім

Бір-бірлеп үзіп,
Моншақтай тізіп,
Жедім көп жүзім,
Шамасы жүзін.

 

Қарбыз

Қара ала түсі,
Қабығы қатты.
Қып-қызыл іші,
Не деген тәтті!

Тұрысбек ЕДІЛБАЕВ

731 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы