- Жаңылтпаштар
- 04 Мамыр, 2021
Жаңылтпаштар
Шарханның
Шақшадай басы шарадай болды.
Шалшыққа аунап,
Қара лай болды.
* * *
Мағазды мазалама,
Мағаз қағазға жаза ала ма?
Мағаз қағазға жаза алмағасын,
Қағаз қайық жасаған
Мағазға айып таға алмайсың.
* * *
Қанаттың арманын
Қанағаттандыра алмадық.
Қанағаттандыра алмағанымыз сол –
Қалаға аттандыра алмадық.
* * *
Әрі-бері жүретін,
Әбігерленіп үретін
Арлан итім
«Р-р-р» дейді.
Қырық екі әріптің
«Р»-дан басқасын білмейді.
* * *
Қоңсы тұратын Қоңқыштың
Қоңызы да жоқ,
Доңызы да жоқ.
Қоңыр үнді қобызы бар.
* * *
Аңғарда
Аң бар.
Аңысын аңдып,
Ататын жан бар.
Аңды аямайтын
Браконьерді аңғар.
1047 рет
көрсетілді2
пікір