- Балаларға базарлық
- 11 Ақпан, 2021
Анашым

Ақ сүт берген анашым,
Қандай жылы қарасың?!
Сендей болсын әр адам
Мәпелеген баласын.
Тірлік нұрын сен бердің,
Бабам тілін сен бердің.
Сен бөлеген аялап,
Талбесікте тербелдім.
Айналайын, ардағым,
Гүлге толсын жан-жағың!
Бақытына баланың
Ғұмырыңды арнадың.
Ақылбек ШАЯХМЕТ

87 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *