• Балаларға базарлық
  • 11 Ақпан, 2021

Ғылым елінде

Сатурн

Балалар, сендер сақиналы Сатурн ғаламшарын білесіңдер ме? Ол – Күн жүйесіндегі сегіз ғаламшардың бірі. Жерден 9,5 есе үлкен. Жуырда ғарыштағы Hubble телескопы Сатурнды суретке түсірді. Сатурнда қазір жаз мезгілі. Бұл ғаламшардағы жаз тұп-тура 7 жылға созылады. Сатурнның 1 жылы Жердегі 28 жылға тең. 
Жаз деген аты болмаса, мұндағы орташа ауа температурасы  – 178 градустан көтерілмейді. Өйткені, Сатурн Күннен тым алыста орналасқан. Сақиналы ғаламшар жылуды Күннен емес, өз қойнауынан алады екен. 

Үрлемелі скутер

Жапондар ерекше электроскутер жасап шығарды. Ерекшелігі сол, ол үрлемелі. Жиналып тұрғанда жолдорба сияқты арқаға асып жүруге болады. Үрлеп алсаң, ыңғайлы көлікке айналады. 
Poimo деген бұл скутердің сал­мағы 5 килограмм тар­тады. Жылдамдығы кәдімгі электро­ску­терден кем емес. Оны жасаған мамандар әрі жеңіл, әрі жұмсақ көлікке қызы­ға­тындар көп бо­ла­ды деп үміттеніп отыр. 
 

488 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы