- Балаларға базарлық
- 20 Қаңтар, 2021
Жаңа жылға тілек

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ
Жаңа жылдан сұрарым,
Елімнің бағын биіктет!
Арналар саған жыр-әнім.
Өзіңді бізге сүйікті ет!
Жаңа жылдан сұрарым,
Сәбилерімді жылатпа.
Қандырсын ойын құмарын,
Жандарын бөле шуаққа.
Еліме әкел жақсылық,
Қуаныш мәңгі сөнбесін.
Болмасын елде тапшылық.
Үміттер көкке өрлесін.
Көп болғай істер ерлігің,
Қуаныш боп шық төріме.
Еліме бақыт бер, жылым,
Тыныштығыңды бер жеріме.
Жаңа жыл, келер жаңа күн,
Білмесін мұңды бөпелер.
Жердегі барлық ананың
Баласын аман ете көр!

169 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *