- Халықтық салт-дәстүр
- 20 Желтоқсан, 2020
Қазақтың дәмі

Қаймақ
Балдан тәтті қаймақ,
Жегемін жоқ айлап.
Жүрген шығар сақтап,
Апам мені ойлап.
Қымыз
Жеңгем бие сауады,
Ағам саба піседі.
«Денсаулыққа дауалы»,
Деп үлкендер ішеді.
Шұжық
Дәмді тағам шұжық,
Түрі ұзыншақ, қызық.
Ағам жесе тоймайды,
Оңайға апам қоймайды.
Шұбат
Түрі іркіт түстес,
Дәмі аумаған сүттес.
Өзі бойға қуат,
Ем-ақ екен шұбат.
Жент
Тарыны түйіп қатты,
Қауызынан айырар.
Ішінде оның тәтті,
Қант, мейіз, майы бар.
Наурыз көже
Наурызды біз тойлаймыз,
Шаттанамыз, ойнаймыз.
Дастарқан тым сәнді екен,
Наурыз көже дәмді екен.

40 рет
көрсетілді0
пікір
Алдыңғы мақала
Құл-Керім ЕЛЕМЕС. «Наурыз көже»
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *