• Жарайсың
  • 20 Желтоқсан, 2020

Білімге құштар Бексұлтан

Бексұлтан Ахметқазы – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылындағы К.Нұрбаев атындағы орта мектептің 2 «Б» сынып оқушысы. Оқу озаты. Сынып жетекшісі, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Абданова мақтан тұтатын шәкірттердің бірі. Әсіресе математика пәніне ынтасы басым. Жуырда ғана «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Кенгуру» халықаралық зияткерлік байқауына қатысып, 1-орынды иеленді.
Әдебиетке де құштар. Түрлі әдеби кештерге, шараларға белсене қатысады. Осы жазда аудандық кітапхана ұйымдастырған «Ертегі айтып беру» онлайн-сайысында жеңімпаз атанды.
Бексұлтан – ақкөңіл, кішіпейіл, елгезек балақай. Сол мінезімен достары мен ұстаздарына сүйкімді болып, арманына талпынып, желкілдеп өсіп келеді.

Бекен ДАТҰЛЫ

326 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы