• Балаларға базарлық
  • 20 Желтоқсан, 2020

ТАНЫСАЙЫҚ ТӨЛДЕРМЕН

Қойдың төлі ҚОЗЫ екен,
Момақанның өзі екен.

Ешкінің төлі – ЛАҒЫ,
Салбырап тұрар құлағы.

Түйенің төлі БОТА,
Жегені алабота.
БҰЗАУДЫ білмейтін бала жоқ,
Бір жылда шығады тана боп.

Жылқы баласы ҚҰЛЫНШАҚ,
Тыным таппас ұрыншақ.

Мысықтың баласы МАРҒАУ,
Ұйқышыл әрі жалқау.
Білеміз иттің КҮШІГІН,
Өткір екенін тісінің.

Қасқырдың баласы БӨЛТІРІК,
Алмаңдар оны өлтіріп.

Баласы барыстың АЛАН,
Болмаңдар оған алаң.

Қоянның баласы КӨЖЕК,
Қорқақ емес, өжет.

Киіктің лағы ҚҰРАЛАЙ,
Елеңдеп әркез тұрады-ай.

ҚОНЖЫҚ – аюдың баласы,
Мекені – ну орман арасы.

Аққудың баласы КӨГІЛДІР,
Жанары неткен мөп-мөлдір!
ҚОДЫҒА – баласы бұланның,
Мүйізі керемет бұл аңның.

Білесің есектің КҮРЕСІН,
Өскенде ерттеп мінесің.

ШАБАҚТЫ, балықтың баласын,
Іздесең теңізден табасың.

Тауықтың баласы – ШӨЖЕ,
Берсең де ішпейді көже.
Баласы жолбарыс – САРЫМАҚ,
Зообақтан балалар танымақ.

Ұмытпа, танып ал МЫРШАЙДЫ,
Анасы түлкіге ұқсайды.

АҚКҮШІГІ итбалықтың,
Назарында ел-халықтың.

Үйрек, қаздың баласы – МАМЫР,
Көлдің беті солармен абыр-сабыр.

Оразбай ҚОСАНОВ

Қызылорда қаласы.

1523 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы