• Балаларға базарлық
  • 20 Желтоқсан, 2020

Мазақтамалар

ҮЙКҮШІК

Ертай деген баланың
Көрсең егер бөлмесін,
Кеш түспестен жабады
Терезенің пердесін.

Теледидар түбінен
Кет демесең, шықпайды.
Кино бітсе, күнімен
Жатып алып ұйықтайды.

Мұндай бала оңбайды,
Көпшілікке аты әйгі.
Ал балалар ондайды
Үйкүшік деп атайды.

ДҮРДАРАЗ

Дәметкен мен Дәмелі
Бірде тату, бірде араз.
Сыртқа шықса әдемі,
Үйлерінде дүрдараз.

Ойнап жүріп, қарашы,
Қалады тез таласып.
Жұмсай қалса анасы,
Отырады санасып.

Қылықтары жасанды,
Керіспеген күндері аз.
Болар екен қашанғы
Бұлар енді дүрдараз?!

Ақылбек Шаяхмет

361 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы