• Әңгіме
  • 20 Желтоқсан, 2020

КІТАПТАР МҰҢЫ

Оқу жылының соңы. Оқушылар мектеп кітапханасына келіп, кітаптарын өткізді. Балалар кетіп қалған соң кітаптар өзара сөйлесе бастады.
– Мен жыл басында әп-әдемі, бүтін едім. Асан деген бала қадірімді білмей, бүлдіріп тастады, – деді жыртылған «Ана тілі» жыламсырап.
– Ал, менің бетімді Айбота деген қыз шимайлады, – деді кішкентай кітапша ренжіп.
– Ал, мені Асыл деген бала күні бойы асүйдегі үстелдің үстіне қойып қояды. Содан су тиіп, былғанып қалдым, – деді беттері сарғайған «Математика». – Бірақ, ол баланың сабағы жақсы.
Кітапханашы Райхан апай отыз жылдан бері кітапханада істеп жүрген тәжірибелі кісі еді. Үнемі кітаптарға сөйлеп, оңашада сырласатын. Кітапханадағы барлық кітаптарды қолымен сипап, мәпелеп, сүртіп шығатын. Шаңын кетірген соң реттеп, сөрелерге әдемілеп тізіп қоятын.
Кітапханашы апай бұл жолы да кітаптардың бір-біріне шаққан мұңын естіді. Оқушылардың қылығына қатты ренжіді. Сосын істеп жатқан жұмысын тоқтатып қойып, сыныптарды аралады. Оқушыларға кітапты ұқыпты ұстау керек екенін айтып шықты. Оны өздерінен кейін келетін балалар, яғни, өздерінің інілері мен сіңілілері пайдаланатынын түсіндірді. Сонда барып кітаптарды неге жиып алатынын білген Асан мен Айбота және Асыл үшеуі төмен қарап, өз істеріне қатты өкінді.

Бақыт МЕЙІРІМ,
А. Пушкин атындағы орта мектептің
3 «А» сынып оқушысы.
Үштөбе қаласы, Қаратал ауданы,
Алматы облысы.

3484 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы