• БАЛДЫРҒАН
  • 20 Желтоқсан, 2020

Бастау

Ақ күшік

Шәуілдеген ақ күшік,
Өзі ме, өзі нақ пысық.
Нені көрсе шәуілдеп,
Соған бара жатты ұшып.

Допты қуып ойнайды,
Тамаққа да тоймайды.
Көрсе болды менімен,
Алысқанын қоймайды.

Ақ күшік-ау, ақ күшік,
Жауың сенің ақ мысық.
Саған берген айранды,
Жағаласып жатты ішіп

 

 

Ауылым

Сарыарқаның төрінде,

Жарқырап тұр ауылым.

Бақыттымын елімде,

Бәрі осында бауырым.

                            

Алтын дәнді даласы,

Қора-қора малы бар.

Мендей ауыл баласы,

Ауылын ылғи сағынар.

Әнет СЕРІКБАЕВ,

Абай орта мектебінің

3-сынып оқушысы.

Жұмыскер ауылы,

Шет ауданы,Қарағанды облысы.

 

Боташым

Боташым-ау, боташым,
Бүкірейтіп жотасын,
Мөлдірейді көздері,
Сағынған-ау «апасын».

Боташым-ау, сүйкімді,
Қайтар қане күйісіңді.
Анаң келді, ем енді,
Ашып басқан ұйқыңды...
Боташым-ау, боташым!

Бану ҒАЙЫПОВА,
№ 4 орта мектептің
5 «Б» сынып оқушысы.
Қандыағаш қаласы,
Ақтөбе облысы.

184 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы