• Балаларға базарлық
  • 16 Қазан, 2020

Мазақтамалар

Ақылбек Шаяхмет

Қостанай қаласы

Мылжың

Көрсең оның қызығын,
Мылжыңдайды күнұзын.
Ауызында жоқ тыным,
Өзгелерден тілі ұзын.

Мақтаншақ

Тұрғандарға ерігіп
Өзін мақтап, аттан сап,
Төсін керіп, желігіп,
Желпінеді мақтаншақ.

Көп қызықты көрдім деп,
Жақсылыққа жақ болсақ,
Үлгі болған менмін деп,
Серпіледі мақтаншақ.

Бұзамын деп бөгетті,
Қиындыққа тап болсақ,
Іздеп түрлі себепті,
Ентігеді мақтаншақ.

Салақ

Елдің бәрі біледі,
Ісі бітпей, асығып,
Қашан көрсең жүреді
Берекені қашырып.

Төсегі де жиналмай,
Төңірегі шашылып,
Жүретінін қиналмай
Қажеті не жасырып?!

Пысық

Бітпей жатқан жұмысы көп,
Көрінсе де пысық болып,
Аяқталған бір ісі жоқ,
Жүргені тек ұшып-қонып.

536 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы