• Кім тез жаттап алады?
  • 16 Қазан, 2020

Сөз ішіндегі сөз

ӘЛИ Ысқабай

Құлан-Ұлан

Қ» әрпінен бастасаң,
Тұяғы асыл құланмын.
«Ұ» әрпінен бастасаң,
Ержүрек, өжет ұланмын.

Жүйткіген қырда құландай,
Жүгірем алға ұрандай.

Қотан-Отан

«Қ» әрпінен бастасаң,
Қойларым жусар қотанмын.
«О» әрпінен бастасаң,
Елмін, жермін – Отанмын.

Мыңғырса қойым қотанда,
Дәулетті болар Отан да.

Қария-Ария

«Қ» әрпінен бастасаң,
Болам үлкен қария.
«А» әрпінен бастасаң,
Әнмін салар – ария.

Өнерді сүйген қария,
Тыңдайды ұйып ария.

Жай-Ай

«Ж» әрпінен бастасаң,
Аспанда ойнар жай болам,
«А» әрпінен бастасаң,
Сәулесі нұрлы ай болам.

Найзағай оты жай шашар,
Ғарышкер болам ай асар.

797 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы