• БАЛДЫРҒАН
  • 16 Қазан, 2020

"Балдырғанмен" біргеміз!

«Балдырған» – әрбір бүлдіршін асыға күтетін басылым. Жасы алпыстан асса да, баланың тілімен сөйлеп, жас ұрпақтың ой-өрісін ұлғайтып, саналы, зияткер, отаншыл болып өсуіне үлес қосып келеді.
Бұл журналды өзім де оқып өстім. Тәлімін алып, тәрбиесін ұғынып, білім шыңына ұмтылдым. Енді «Балдырғанды» немерелерім қолына алады. Әр санын елеңдеп күтіп отырады. Бұған, әрине, қуанамын.
«Балдырған» – тәрбиенің мөлдірі, тереңі, тұнығы. «Тап-таза сол бұлақ сарқылмасын» деп тілеймін. Балаларға қуаныш сыйлаған «Балдырғанның» оқырманы көбейе берсін!
Хамза САТИЕВ,
зейнеткер, Қазақстанның құрметті журналисі.

Суретте: Айару Ерланқызы,
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай
ау­да­ны, Ақсуат ауылындағы Кәрім Нұрбаев атын­дағы орта мектептің 1-сынып оқу­шысы.

243 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы