• Әңгіме
  • 23 Қыркүйек, 2020

Жақсылық жасаған қандай жақсы

Мен бүгін бір нәрсені түсіндім. Адам жақсылық жасаса, көңілі жайланып, өзін өте жақсы сезінеді екен. Осыған байланысты бір шағын оқиға айтып бергім келеді.


Сіңілім екеуміз үйге келе жатып, ағаш көлеңкесіндегі орындыққа отырдық.  Бір кезде мен жерден бір кішкентай жұлдызқұртты көрдім. Оның жаңадан шыққан жіңішке түктері мен нәзік қанаттары бар екен.  Жұлдызқұрт өте әлсіз екен. Ұшқысы кеп қанша талпынғанмен, ұша алмай жатты.


Кешікпей оған қаптаған қалың құмырсқа тап берді. Жұлдызқұрттың әлсіздігі сонша, құмырсқаларға төтеп бере алмады. Сіңілім екеуміз оған қатты жанымыз ашып, құтқарғымыз келді. Оны ақырын көтеріп алып, орындықтың үстіне қойдық. Бірақ, бір демде орындыққа өрмелеп шығып алған кішкене құмырсқалар оны тағы да тістелеуге кірісті. Сосын біз оны алақанымызға қойып, қолымызды көтеріп, ұшып кетуіне көмектестік.


Іле нәзік қанаттарын қағып-қағып қалған нәзік құрт көз алдымызда титтей жасыл көбелекке айналып ұшып кетті. Біз  қуанып кеттік. Жерден тағы да жұлдызқұрт іздей бастадық.

Көп ұзамай  құмырсқалар жан-жағынан тістелеп жатқан тағы бір жұлдызқұрт тауып алдық. Бірақ оның қанаты жоқ екен. Біз оны да құтқардық. Біз бұл ісімізге қатты қуандық. Жақсылық жасаған қандай жақсы десеңші!


Достар, сендер де осылай айналаларыңдағы жәндіктерге қамқор болып, жақсылық жасап жүріңдерші!  Бұл сендерге де қатты ұнайтынына сенімдімін! Оны тек істеп көрген соң ғана сезінуге болады.


Айзер САЛАМАТ
№104 орта мектептің
3-сынып оқушысы
Алматы қаласы

257 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы