• Ертегілер
  • 23 Қыркүйек, 2020

Тамшы жайлы ертегі

Қонды сансыз жұлдыз қар
Бұлттан жерге сабыла.
Аппақ ұлпа күнде ызғар
Шашып тұрды маңына.

Шалғын, соқпақ, құндыз бел,
Орман, дала, бар қырат
Сансыз аппақ жұлдызбен
Жатты қыстай жарқырап…

Бiр ұшқыны ақ қардың
Тоғайдағы теректiң
Түбiне кеп жатқан-ды,
Ұйқы қысса керек бiр.


Кәрi қайтып ақпанның,
Әлем нұрға кенелдi.
Әлгi ұшқыны ақ қардың
Ерiп, аға жөнелдi.

Аралап ол талдарды,
Сайды кездi кезерген.
Тауып бiр күн аңғарды,
Шықты ақыры өзеннен.

Айналған соң Тамшыға,
Сайран болды бiлгенi.
Еш қам жемей ол, сiрә,
Өттi талай күндерi.

Бәрi де оңай секiлдi,
Болмасын ол шат қалай.
Көпiрге кеп, көпiрдi
Көбiк болып мақтадай.

«Қызық осы адамдар,
Қай кезде дем алады –
Өзендер мен каналға
Болат көпiр салады.

Тамшы кенет артына
Бұрылғысы кеп едi,
Толқындардың алқына:
«Жалқауланба!» – дегенi.

«Құйттаймын ғой, сорыма,
Құримын-ау ағынмен!»
Кедергi боп жолына
Тұрды бөгет сабырмен.

Қарқылдады ол: «Тағы не?
Бар болсын бұл тiрлiгiң!»
Ал тамшылар әбiгер,
Итермелеп бiр-бiрiн…

Игерiп тың даланы,
Мәпелейдi бидайды…» –
Деп, Тамшы таң қалады,
Iшi пысып, қинайды.

Бiрақ ендi Тамшыға
Жылжу соқты ауыр да.
Тұрды қарап қарсыда
Қайсар бетон қабырға.

Тамшы деген, шынында,
Сансыз едi жылымда.
Барлығы да жымыңдап,
Ұмтылады құбырға.

Батылданып бұл дағы,
Қойып кеттi құрдымға.
Темiр қалақ зырлады,
Шайқалып сәл тұрды да.

Жеңдi Тамшы жолдағы
Кедергiнi елемей.
Құйды ағыспен ол дағы
Теңiзге кеп телегей.

Өттi аралап қаланы
Зәулiм үй бар не түрлi.
Шырақтарды жағады
Түннiң көзi секiлдi…

Ғимараттар мұндағы
Көкке қолын бұлғады.
Тамшы сайран құрғалы
Жұрт алғысын тыңдады:

«Қуантады бiздi де
Сенiң үлкен көмегiң.
Суландырдың түздi де,
Жайқалып тұр көк егiн.

Құрылыстарда кранды
Шеберлiкпен жүргiздiң.
Шыт тоқысақ ұнамды,
Жәрдемiңдi тигiздiң».

Тамшы тағы тыңдаған
Кезiп алма бақ iшiн,
Алғыс айтып шулаған
Балалардың дауысын…

Аралап кең даланы,
Асқақ әуен шалқыды.
Тамшы бiр кез алады
Шалғынға кеп сәл тыным:

«Iсiм болмай түкпенен,
Сайран сап ем бiрде мен.
Жұмысты да жүк деп ем
Қолды жiпсiз күрмеген.

Жатамын да түбiне,
Қыстай қалғып шығар ем.
Ояна сап жүгiрем
Сәуiрде сол жырамен.

Сосын тағы тынбастан,
Бет аламын құбырға.
Сенделмеймiн құр босқа
Бұдан былай ғұмырда.

Сыйлап адал еңбектi,
Жұмсалады бар күшiм.
Сөйтiп ести бермекпiн
Адамдардың алғысын!..»

Ендi, мiне, бiлемiн
Қайда екенiн бақыттың!»
Тамшы кенет күледi,
Шағылысып жақұт нұр.

«Борандатып кенет күн
Бұлтқа апарса, қайтадан
Тоғайдағы теректiң
Түбiне кеп жай табам.

Орыс тілінен аударған
Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ

506 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы