• Ертегілер
  • 23 Қыркүйек, 2020

Ақниеттің ертегісі

Ақниет Сағат – Алматыдағы №171 жалпы білім беретін мектептің 4 «А» сынып оқушысы. Оқуда озат. Қиялы ұшқыр. Сурет салғанды, шығарма жазғанды ұнатады. Жақында мынадай ертегі шығарды.
«Жап-жасыл алаңқайда жалғыз ғана сары гүл өсіп тұрыпты. Жарық күннің нұрына бөленіп, самал желге тербеліп өссе де, кішкентай гүл жалғыздықтан жабырқай беріпті.
Бірде жел үдеп, гүлдің қасына бірнеше дәнекті ұшырып әкеледі. Дәнектер жерге түскен бойда топыраққа көміледі. Көп ұзамай жел басылып, жаңбыр жауады. Бір кезде топырақ астынан жіп-жіңішке жас өскіндер қылтиып шыға бастайды.
«Алақай! Мен енді жалғыз емеспін!» деп қуанады кішкентай сары гүл.
Арада бір апта өтер-өтпестен жасыл алаңқайда бірнеше жаңа гүл пайда болады. Олар да сап-сары, әп-әдемі еді. Бірін-бірі сондай жақсы көретін».


Жазып алған Бекен Датұлы

498 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы