• Жарайсың
  • 31 Тамыз, 2020

БАСЫЛЫМЫН БАҒАЛАҒАН БАЛАЛАР

Құрметті «Балдырған» жур­на­лы­ның редакциясы! Өздеріңіз бі­летіндей, мен Қаратөбе ауданы, Сәуле ауылындағы мектепте оқи­тын балаларға жыл сайын «Бал­дырған», «Ақ желкен», «Ұлан» га­зет-журналдарын өз қаржыма жаздырып беріп жүрмін. Карантин кезінде сол ауылға ағам екеуміз барып, кейбір жанұяларға қолы­мыз­дан келгенше көмек көрсетіп қайттық.
Осы сапар барысында 4-сынып оқушысы Дильназ Болатқызының үйінде керемет көрініске куә болдым. Оқу озаты, өнерлі қыз Дильназ өзіне келген барлық журнал, газеттерден тігінді жасап, жинап қойыпты. Қуанып қалдым. Ауылдық жерде тұратын Дильназдың білімге құштарлығы мен ұқыптылығына риза болдым. Қандай күшті! Бұл ауылда тек Дильназ ғана емес, басқа балалардың да білімге өте ынталы екенін, өз басылымдарын таласа оқитындарын естіп, қуанышымыз еселене түсті.
Сондай-ақ, мен сіздердің еңбектеріңіздің осы­лай жоғары бағаланып жатқанына да қуан­дым. Балалар жақсы көретін журнал шығарып, олардың рухани дамуына үлкен үлес қосып жүргендеріңізге алғыс білдіремін. Осы балалардан болашақта тамаша азаматтар қалыптасады деген үмітім зор. Ауылдан алған әсерім мен қуанышымды сіздермен бөліскім келіп, осы хатты жазып отырмын.
Қаламдарыңыз талмасын, қуанышты хабарларыңыз көп болсын!

Нұржан Хасанов,
кәсіпкер.
Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы.

157 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы