• Жарайсың
  • 31 Тамыз, 2020

АЛҒЫР ӘМІР

Әмір Бекқожин – Алматыдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияның 2 «Г» сынып оқушысы. Оқуда озат. Ағылшын тілін үйреніп, робототехникаға қызығады. Өнерде де өрге жүзіп келеді. 1-сыныптан бастап домбыра және драма үйірмелеріне қатысады. Мектептегі «Жас дәурен» ансамблі құрамында өнер көрсетіп жүр.
Өнерлі өрен 2018 жылы «Екі жұлдыз» ән-би байқауына анасымен бірге қатысып, «Көрермен көзайымы» атанды. Ал былтыр «Жаз мереке» атты республикалык балалар мен жасөспірімдер байқауында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша 2-орынды иеленді.
Айтпақшы, Әмір спорттан да құралақан емес. Таэквондомен кішкентайынан айналысып, сары белбеу тақты. Талай дүбірлі додада бақ сынап үлгерді.
Міне, осындай алғыр балақайды алғашқы ұстазы Салтанат Найманханова, үйірмелерде өнерге баулып жүрген Жайдар Данабеков пен Болат Мамытбеков ағайлары мақтан тұтады.
Бекен ДАТҰЛЫ,
Алматы қаласы.

228 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы