• Ертегілер
  • 21 Тамыз, 2017

Түлкі, тасбақа және кене (ертегі)

қарақалпақ ертегісі

Баяғы заманда түлкі, тасбақа және кене үшеуі дос болыпты. Үшеуі бірге жүріп, бірге тұрыпты. Бірде олар бір уыс тары тауып алады. Үшеуі ақылдасады. Тарыны сеуіп, алынған өнімді өзара бөлісіп алуға келіседі. Олар тарыны  егетін жерге келеді. Ол жерде үлкен бір жар бар екен. Қу түлкі жарды көре салып: – Достар, жар құлап кетіп бәрімізді басып қалуы мүмкін. Мен оны ұстап тұрайын, – деп жардың астындағы көлеңкеге жата кетті. Түлкі сол жатқаннан ұзақ жатты. Ал тасбақа мен кене жер ді жыртып, оны тырмалап, тарыны егіп болды. Жер жыртып, егін егу оңай ма, екеуі қат ты шаршады. Күз де келді. Тары пісті. Тасбақа мен кене оны орып, бастырып, жинап алды. Тары бір пиала болды. Екеуі түлкіні шақырды. Түлкі келіп тағы кулығына басты. – Ой, мына бір-ақ пиала тарыны кімге жеткіземіз? Әрқайсымызға бір уыстан да келмейді ғой. Одан да үшеуміз жарысайық. Кім бірінші келсе, тарыны түгелімен сол алсын. Осыған келіскен үшеуі белгіленген орынға барып, жарысуға дайындалады. «Бір, екі, үш! Ал кеттік!» деген кезде кене түлкінің аяғына жабыса кетеді. Мәреге бірінші болып түлкі келеді. Енді отыра берейін дегенде аяғының астынан: «Ей, отырма, мені ба сып кетесің» – деген кененің даусы шығады. – Ей, сен мұнда қа шан келіп алғансың, – дейді түлкі кенеге таңғалып. – Сен «Ал кеттік!» деген кезде-ақ мен осында болғамын, – деді кене еш саспастан. Түлкі оған сенбей, екеуі дауласа бастайды. Осы кезде үсті-басы қан-қан болып тасбақа да жетеді. – Оу, достар, жағдай қиын. Сендер жүгіріп кеткен кезде қолдарында – бүркіті, соңдарында тазылары бар екі аңшы мені ұстап алды. «Жаңа ғана сенімен бірге түлкі болған. Ол қайда? Тауып бер!» – деп өзімді әбден сабады. Бәрібір мен ештеме айтқан жоқпын. Олар менің артымнан осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді тасбақа алқынып. – Достарым, мені құтқара көріңдер. Мен туралы аңшыларға ештеме айтпаңдар. Маған тары керек емес, екеуің бөліп алыңдар, – деп түлкі орманға қарай қаша жөнеледі. Өзін қумын деп жүрген түлкіден қулығын асырған тасбақа мен кене тарыны екіге бөліп алыпты.

Аударған Дүйсен МАҒЛҰМОВ «Балдырған» журналы, №7 Шілде, 2017

 

3751 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

БАЛДЫРҒАН №2

27 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дүйсен МАҒЛҰМОВ

"Балдырған" журналының бас редакторы